Официальный сайт rnns 24/7/365

НФПК
Проект реализуется
Национальным фондом подготовки кадров
Вы не зарегистрированы

Авторизация



Аудит

Размещено: Дархан Кейкибаев - ср, 10/04/2013 - 13:44
Данные об авторе
Автор(ы): 
Кейкибаев Дархан
Регион: 
Зарубежье - Казахстан
Характеристики ресурса
Уровни образования: 
высшее профессиональное образование
Предмет(ы): 
Экономика
Целевая аудитория: 
Все целевые аудитории
Тип ресурса: 
контрольная (проверочная) работа
Краткое описание ресурса: 
<p> Дамыған нарықтық экономика жағдайында меншік иесі әр кез басқарушылық қызметке араласып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратқа ие болмауы мүмкін. Сол себепті меншік иесі, кәсіпкер аудиторлық тексеріс жүргізуге мүдделі. Аудитордың басты міндеті болып меншік иесі мен қаржылық есепті қоланушы басқа да тұлғалар тапсырысымен &nbsp;қаржылық есептің сенімділігін бағалау болып табылады.</p> <p> Аудиторлық бақылау қаржылық бақылаудың тәуелсіз түрі. Ол &ndash; тәуелсіз аудиторлық фирма мен компания, банк, сақтық компаниялары иелері жасалған келісім-шарт негізінде қаржы-шаруашылық&nbsp; қызметтің жай күйін тексеру.</p>

 

ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ........................................................................................................3

 

І БӨЛІМ   Аудиттін мәні, қажеттілігі және түрлері  ...................................4

 

ІІ БӨЛІМАудиттің негізгі функциялары, аудиторлық кызмет

көрсетуді ұйымдастыру формалары ...................................................7

 

ІІІ БӨЛІМ  Аудитті құқықтық реттеу ........................................................9

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................13

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................14

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Дамыған нарықтық экономика жағдайында меншік иесі әр кез басқарушылық қызметке араласып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратқа ие болмауы мүмкін. Сол себепті меншік иесі, кәсіпкер аудиторлық тексеріс жүргізуге мүдделі. Аудитордың басты міндеті болып меншік иесі мен қаржылық есепті қоланушы басқа да тұлғалар тапсырысымен  қаржылық есептің сенімділігін бағалау болып табылады.

Аудиторлық бақылау қаржылық бақылаудың тәуелсіз түрі. Ол – тәуелсіз аудиторлық фирма мен компания, банк, сақтық компаниялары иелері жасалған келісім-шарт негізінде қаржы-шаруашылық  қызметтің жай күйін тексеру. Аудиттің басты міндеті – тексерілген компанияның қаржы жағдайы туралы қорытынды беру. Қорытынды заңмен белгіленген тәртіпте ресми балансқа және пайда мен шығындар жөніндегі есепке қоса компания  қызметінің нәтижесі туралы есеп ретінде жарияланады.

Аудитор мен аудиторлық фирмалар өзінің қызметін жүргізген кезде  заң және басқа нормотивтік  актілер талабын басшылыққа алады, аудиторлық тексеріс жүргізген және қорытынды жасаған кезде тексерілген шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ кез  келген үшінші жаққа тәуелді болмайды.

Аудиторлық қызмет нәтижесі- ол жайында жазылған  қорытынды,   шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп-қисаптарының, баланстарының және басқа құжаттарының бухгалтерлік есеп пен есеп–қисап жасауды жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы  мәліметі бар аудитор куәландырған, құқықтық мәнге ие ресми құжат.

Аудиторлық тексеріс нәтижелерін пайдаланушылар – шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қорытындысына мүдделі жақтар: мемлекеттік салық пен республика Жоғарғы Кеңесінің  басқа да өкілетті органдары, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншік иелері, несие берушілер, инвесторлар және қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай ақпарат алуға құқығы бар және басқалар. Аудиторға берілетін мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына  шаруашылық жүргізуші  субъектінің бастығы жауап береді.

І БӨЛІМ   Аудиттін мәні, қажеттілігі және  түрлері

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама береді:  «Аудит - бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін анықтайтын және мүдделі пайдаланушыларға нәтижелерін ұсынатын процесс». Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын, ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Мұндай кәсіби бақылау-аудитке деген кажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:

  1. Кәсіпкерліктін дамуы мен капитал өсуінің әсері;
  2. Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
  3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған акшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
  4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
  5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
  6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын акпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру кызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Операциялық мазмұны жағынан             бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволык) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит үғымының аясы кен, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жэне қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ак артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру максатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.

«Аудиторлық қызмет туралы» Заңның маңызды мәселерінің бірі аудиттің түрлерімен байланысты. Заңның «Аудит және оның түрлері»                 4-бабы бойынша, аудиттің 2 түрі бар: міндетті және бастамашылық.

Міндетті аудит Қазақстан Республикасының заңнамаларымен нақты анықталған жағдайларда жүргізілсе, бастамашылық аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің бастамасымен жүргізіледі. Сонымен қатар, міндетті аудиттің жүргізілуі бірнеше заңнамалық актілерде қарастырылады.

Мысалы, 1998 жылы 9 шілдеде шыққан «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, табиғи монополияның субъектілері аудиторлық мекемелермен жылына бір рет қаржылық тексеріс жүргізге міндетті. 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, акционерлік қоғамның жылдық жиналысында қоғамның шаруашылық-қаржылық жағдайы туралы бір жылға арналған тексеріс қорытындысы ұсынылуы тиіс.

Аудиттің 3 типі бар: жедел аудит, сәйкестілік аудиті, қаржылық есеп аудиті.

Жедел аудитшаруашылық жүйенің бір қызметіне шолу жүргізумен ерекшеленеді. Жедел аудитті жүзеге асырушы аудитордың басты міндеті болып субъектінің өнімділігі мен өнімдік тиімділігіне баға беру үшін қаржылық-шаруашылық әрекетке тексеріс жүргізу болып табылады. Мұндай аудиттің басты мақсаты - шаруашылық жүргізуші субъекті өндірістік әрекеттің жаңа сатысына көтеру.  Қаржылық есеп аудитіне қарағанда, жедел аудит қаржылық-шаруашылық әректің даму болашағына бағытталып, істелінген әрекеттерге дұрыс баға береді. Жедел аудит аудит типтерінің ең күрделісі. Мұндай тексеріс ұсынылған қаржылық есептің объективтілігі мен сенімділігіне әсер ететін бухгалтерлік есепке ғана байланысты емес. Сонымен қатар, жедел аудит ұйымдық құрылым, өндіріс әдісі, маркетинг пен субъект әрекетінің басқа да салаларын қамтуы мүмкін.

Сәйкестілік аудитініңміндеті болып субъектінің                            қаржылық-шаруашылық әрекетінде заңмен бекітілген немесе контрактіде бекітілген талаптар мен арнайы ережелердің ескерілуі тексеріледі. Мысалы, сәйкестілік аудиті жалақы мөлшерінің дұрыс деңгейлілігін, салық заңнамасының орындалуын және арнай кәсіпорын қорын тексерумен байланысты болуы мүмкін.

Қаржылық есеп аудиті қаржылық есептің оны құру талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.

Аудит 2 түрлі нысанда болуы мүмкін: сытқы және ішкі.

 

Ішкі аудит

Сыртқы аудит

1. Ішкі аудиторлармен жүзеге асады

1. Тәуелсіз аудиторлармен жүзеге асады

2. Міндеті - шаруашылық жүйе шеңберінде әкімшіліктің сұранысын қанағаттандыру

2. Міндеті - жанама қызығушылық білдірушілер үшін пікір қалыптастыру

3. Тиімділігі сыртқы аудит көлемі, сипаты, мазмұнына тікелей әсер етеді

3. Көлемі, сапасы ішкі аудиттің сапасына тікелей тәуелді

4. Аудит активтердің сақталуы, материалдардың келіп түсуі мен қарыз, жетіспеушіліктерді анықтауға бағытталған

4. Аудит тікелей ұрлық және алаяқтық фактілерін ашуға бағытталған

5. Үзіліссіз жасалады

5. Бір жылдық интервалмен жасалады

ІІБӨЛІМ   Аудиттің негізгі функциялары, аудиторлық кызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары

 

Бизнес саласында аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушылық, сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық.

Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен косалқы функциялар тізбері қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бакылаушылық, басқарушылық, акпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.

 «Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кэсіби, өзін-өзі баскаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының зандарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

Аудиторлық ұйымньің кұрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан кұралуға тиіс. Оның жарғылык капиталында аудиторларға және аудиторлык ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 5І% болуға тиіс.

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларына негізделеді:

  • шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктері;
  • біріккен аудиторлық кәсіпорындар;
  • акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
  • шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
  • жеке-дара аудит және кеңес беру.

Бірінші типтегіаудиторлық ұйымдарға «Үлкен төрттік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

Екінші типТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік филиалдармен біріккен .аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдж біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО Іпіетаііопаі» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

Үшінші тип- бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандык кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру формасының төртінші типі - құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, кызметтер мен адам ресурс-тарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлык ұйымдардың осы тобына НАК «Центраудит - Казахстан», ЖШС «Біржановтар және К°», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жаткызуга болады.

Ұйымдастыру формасының бесінші типі - жеке-дара аудитгеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық қызмет туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едэуір кеңейтеді.

Аудиторлық ұйымдардың іс-тэжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттык экономика саласы, эр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын аныкгауға мүмкіндік береді.

 

ІІІ БӨЛІМ   Аудитті құқықтық реттеу

 

Аудиттік кызметтерді жүзеге асырумен байланысты құкықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз каржылық бақылау ұйымының занды базасының негізгі элементгеріне кіретіндер:

1. ҚР Конституциясы;

2. ҚР азаматтық кодексі;

3. ҚР «Аудиторлык қызмет туралы» Заңы;

4. ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылык есеп беру туралы» Заңы;

5. ҚР қылмыстық кодексі;

6. «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;

7. ҚР әкімішілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;

8. ҚР бюджет кодексі;

9.ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және косымша жауапкершілікті серіктестіістер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі туралы» және т.б. заңдары.

Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық кызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

Белгілі болғандай, 1993 жылдың 18-ші қазанында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер болып өтті. Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылык-ниесиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.

Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі, сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.

Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нұсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет қайталанды.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтык (территориялық) палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау жэне аудиторларды атгестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалык конференциясы болып, оның қорытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:

  1. ҚР «Аудиторлық кызмет туралы» заңын іс жүзіне асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері туралы.
  2. Аудиторлардың Республикалық палатасын калыптастыру туралы.
  3. «Аудиторлық ұйымдарды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіту туралы.
  4. Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы.
  5. Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы.
  6. Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы.
  7. Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясынын ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқада кәсіби қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай қызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: қаржылық-шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердің төлем қабілеттілігін, кредиттік кабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кенес берулер және т.б.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы аудитті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін кұруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісім-шарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халыкаралык келісім-шарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған нормативті-құқыктық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу (жүргізу) және клиентке баска да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен кызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісім-шарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәэуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге (клиент) аудиторларды (аудиторлық фирмаларды) қалауына карай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен кұжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің үғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бакылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының процедураларын пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің максаты - кемшіліктерді кеміту жэне қастықты шектеу.

1993 жылдың 18-ші казанында Жоғарғы Кеңес «Қазакстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасынын Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлык істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлык қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мындай адамды кұрауы керек. Нарыктық өзара қарым-катынасқа сәйкесетін                нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау - аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлык компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

Аудит ауытқудын, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылык шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Тәуелсіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтык нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және элеуметтік функцияларды орындайды. Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлтгык экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.

 

ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:

 

1. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005. - 400 бет.

2. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Респубикасының Заңы.            20 қараша, 1998 жыл.

3.Дюсембаев К.Ш. Аудит теориясы. - Алматы: Экономика, 1995.- 221б.

4.Каренова Г.С. Аудит: Оқу әдістемесі. Қарағанды, ҚарМУ баспасы, 2007 жыл. - 262 бет.

5.Международные стандарты аудита в Казахстане, в 2-х т. - Алматы: Раритет, 2001. - 850с.

6.Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2005.-310б.

7.Скобора В.В. Аудит: методология и организация. - М.: Дело и сервис, 2003. - 573с.

 


»  Тэги к этому документу:

Поиск

Loading

Оценка материала

...

Смотреть видео hd онлайн


Смотреть русское с разговорами видео

Online video HD

Видео скачать на телефон

Русские фильмы бесплатно

Full HD video online

Смотреть видео онлайн

Смотреть HD видео бесплатно

School смотреть онлайн